ҒИМАРАТ ҚАБЫРҒАЛАРЫНЫҢ КОНСТРУКТИВТІ ШЕШІМДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЭНЕРГОТИІМДІ МАТЕРИАЛДАР МЕН ЖҮЙЕЛЕРДІ ТАЛДАУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-3-2-18-25
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Энерготиімділік – бұл ғимараттармен құрылымдарды тұрақты деңгейде энергиямен қаматамасыз етуін сақтау үшін қолданылып жатқан энергияның саның оптималдау мақсатында энергетикалық ресурстарды рационалды қолдану. Энерготиімді материалдармен жүйелерді қолдану энерготиімді ғимараттармен құрылымдарды экономикалық түрде негізделген инновациялық шешімдер арқылы ғимарат қамтамасыз етуге кететін энергия ресурстарын тиімді пайдалну. Құрылыста заманауи жоғары сапалы, ресурсүнемді материалдарды, бұйымдарды және конструкцияларды қолдану құрылыс объектілерімен құрылыс саласының тиімділігін артыруға және материал сыйымдылығын мен энергия сыйымдылығын төмендетуге айтарлықтай әсер береді. Құрылыс материалдарының және технологияларының өндірісі қазіргі ел экономикасын дамуының қазіргі жайын анықтайтын басымды саласы болып табылады. Құрылыс тиімділігін артыратын негізгі бағыттарының бірі болып саналатын энергоүнемдегіш материалдарды, бұйымдарды және конструкцияларды қолдану. Энергия тиімді материалдар мен құрылыс технологияларын енгізу жер бетінде энергияны ұтымды пайдалану және оны сақтау қажеттіліктерін заманауи қанағаттандыру қажеттіліктеріне жауап беретін зерттеулердің даму бағытын анықтайды. Мақалада сыртқы қабырғалық конструкцияларда қолданылатын энерготиімді материалдар мен жүйелер қарастырылады. Сыртқы қабырғаларды жылуоқшаулаудың заманауи технология қарастырылады. Ғимараттар мен құрылыстарды салу кезіндегі өнеркәсіптік жабдықтар мен жылудан қорғауға арналған төмен электр өткізгіштігі бар бейорганикалық және органикалық материалдар.