Аңдатпа
Мақалада қосымша білім беру курстары бойынша ақпараттық іздеу жүйесін құрудың маңыздылығы қарастырылған. Ақпараттық-іздеу жүйесі (АІЖ) - бұл ақпарат іздеудің және сәйкес іздеу ережелерінің негізінде ақпарат көздерінің (индекс) сипаттамалары бар арнайы деректер қорында қажетті деректерді іздеуді және іріктеуді қамтамасыз ететін жүйе. Қосымша білім беру мекемелерінің саны мен тіркеу нөмірлері мәліметтер қорының негізгі кестесі болса, оның аудан бойынша орналасуы реттік нөмірі немесе индексі ретінде тағайындалады. Ақпараттық іздеу жүйесінің негізгі құрылымы осы принциптермен құрылады. Батыс Қазақстан облысы бойынша қосымша білім беру курстары бойынша ақпараттық іздеу жүйесінің тиімділігін арттыру, HTML, Joomla, Php тілдерінің көмегімен веб-қосымша ұйымдастырып, SQL сервер көмегімен мәліметтер қорын жасау жобаның өзектілігі болып табылады. Жасалынатын жоба қосымша білім беру курстары бойынша білім беру курстары туралы ақпаратты қолданушыға көмекші құрал ретінде ұсынады.