ГАЗ ТУРБИНАЛЫ ҚОЗҒАЛТҚЫШ НЕГІЗІНДЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ТАРАТЫЛҒАН ГЕНЕРАЦИЯ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/hqcj8598
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

"Бұл мақалада мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан алынған биогаз отынмен пайдаланылатын газтурбиналық қозғалтқышта жұмыс істейтін гибридті таратылған генерация жүйесін құруға байланысты мәселе қаралды. Ұсынылған гибридті ТГ көмегімен практикалық нәтиже беретін келесі мәселелерді, яғни өзіндік құны төмен жылу және электр энергиясын алу үшін биоқалдықтарды пайдалану мүмкіндігі және ТГ гибридті жүйесінде жұмыс істейтін ГТҚ үшін отын ретінде био қалдықтардан алынған биогазды пайдалану мүмкіндігі дәлелденді. Гибридті таратылған генерация жүйесі газ турбиналы қозғалтқыш (ГТҚ) негізінде салынған кезде, нәтижесінде жылу мен электр энергиясын ғана емес, сонымен қатар жылыжай шаруашылықтарында өте қажет өнімді, яғни гумусты алуға болатындығы атап өтілді. Жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) негізінде жұмыс істейтін гибридті энергетикалық жүйелерді басқарудағы қиындықтарға байланысты мәселелер, сонымен қатар, осы жүйелерді пайдалану кезіндегі кемшіліктері қарастырылды. Осы жүйелердің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескере келе, гибридті энергетикалық жүйелерді құру үшін газ турбиналы қозғалтқыштарды (ГТҚ) пайдалану тиімді екендігі ұсынылды және қондырғының схемасы, оның жұмыс принципі келтірілді. Гибридті таратылған энергия басқарудың математикалық моделі келтірілген. Қажетті есептеу параметрлері MATLAB Simulink-те жасалған бағдарламаның көмегімен анықталды. Кілтті сөзде: Биогаз, газ турбиналы қозғалтқыш, аймақтық генерация, математикалық модель, гибридті жүйе, басқару."