"STATISTICA жүйесінде дақылдардың өнімділігін БОЛЖАУ модельдерін құру "

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/qswv9292
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

"Мақалада ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігін болжауға арналған модельдері мен әдістері қарастырылған. Зерттеу барысында осы бағыттағы соңғы жылдардағы Web of Science, Scopus деректер қорындағы отандық және шетел ғылыми еңбектер зерделенген. Сонымен қатар, 2012-2022 жылдар аралығындағы «Солтүстік Қазақстан ауыл-шаруашылығы тәжірибелік станциясы» ЖШС-інде өсірілетін жаздық бидайдың өнімділігі мысалында Statistica жүйеісн қолданып, болжау әдістеріне тоқталған. Қарастырылған жылдардағы жаздық бидай өнімділігінің экономикалық-математикалық моделі дәрежелік фунцкия түрінде құрылған. Корреляциялық талдау әдісі арқылы осы жылдардағы вегетациялық кезеңдегі ауа температурасы мен жаздық бидай өнімділігінің арасындағы байланыс зерттеліп, нақты және болжамдық мәндер шашыранды диаграмма арқылы көрсетілген. Жасанды персептрон нейрондық желісі арқылы болжамдық моделдер құрылып, ең жақсы нәтиже беретін болжамдау моделі таңдалып алынған. Сонымен қатар, қарастырылған экономикалық-математикалық талдау, сараптау, статистикалық талдау және жасанды нейрондық әдістеріне терең тоқталып, нәтижесінде әр әдіске байланысты нақты тұжырымдар ұсынылған. Мақала авторлардың осы бағытта соңғы жылдары жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылады және аталған серіктестіктің ғылыми-зерттеу бөлімінің қызметкерлеріне, осы салада зерттеу жүргізетін мамандарға, докторанттарға бағыт беруге көмектеседі. Кілтті сөздер. Астық өнімділігі, математикалық модель, жасанды нейрондық желі, болжау әдістері, статистикалық болжау "