Аңдатпа
Мұстафа Шоқай мұрасы жан-жақты зертелу үстінде. Оның Қоқан, Ыстанбұл, Тбилиси,Берлин, Париж қалаларында жазған мақалаларында түркі халықтарының бірлігі мен тұтастығыбасты орында тұрды. М.Шоқайдың «Йаш Түркістан», «Түркістан», «Бірлік туы» және т.б. газеттерінежариялаған дүниелері тарихшылардың назарына ілігіп, біраз зерттеулерге негіз болды. Түркі әдеби(шағатай, османлы) тілінде жарық көрген еңбектерінің тілі бүгінде тілші ғалымдардың да назарынаударуда. Десек те, М.Шоқайдың қаламынан туындаған жыр-жолдары әдебиеттанушылардың на-зарынан тыс қалып келеді. Оған себеп оның өлеңдерінің баспасөз беттерінде жарияланбастан,қолжазба күйінде қалып қоюуы дер едік. Оның студенттік шақта түркімен досы Қ. Бердиевке арналған«Қақажанға», сондай-ақ, Тбилисиде жүріп елге деген сағыныштан туған «Секірген лақ көрдім таубасынан» деген өлеңдері арнайы зерттеу нысанына алынбаған. М. Шоқайдың ақындығына қарағандасаяси қайраткерлігі басым дегенімізбен де, оның қаламынан туған әрбір дүниенің бүгінгі шоқайтанудаалар орны ерекше. Шетел мұрағаттарынан табылған бұл өлеңдердің хұснихатын (каллиографиясын),жазу мәнерін, көркемдігін талдап берудің маңызы жоғары. Оның түркі әдеби тілінде жазған мақалаларымен өзінің ана тілінде туған жыр жолдары тұтастанған жағдайда ғана М. Шоқай әлемі толық ашыларыанық.