ДЫБЫСТЫҚ НЕМЕСЕ НАҚТЫ ПОЭЗИЯ: ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ МҰРАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.3-08
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада қазақ ауызша поэзиясының дыбыстық техникасының бірегей табиғатызерттеледі. Қазақ әдебиеті тарихының тәжірибесінде мұндай үлгілер көп кездесетінін тілге тиек етеді.Дыбыстық техника өлеңді жай әсемдеп қана қоймайды. Ол поэзияның мықты техникалық құралыболып табылады. Біздің зерттеуімізде дыбыстық техника ежелгі табиғатқа еліктеу нәтижесі ретіндежәне дәстүрлі поэтикалық тәсіл сияқты екі аспектіде қаралған. Мақала авторлары ауыз әдебиетіақынының поэтикалық техникасының генезисін, белгілерін, формалары мен функцияларын зерттейді.Зерттеу мақсаты – қазақ әдебиеті тарихы материалдары негізінде дыбыстық поэзия техникасыныңерекшеліктерін, оның құрылымдық түрлерін сипаттау, оның мәтінді тақырыптық және идеялық-мағыналық ұйымдастырудағы рөлін ашу. Сондықтан мақала авторлары әртүрлі: салыстырмалы жәнесалғастырмалы, тарихи-генетикалық және семиотикалық әдістерді қолдана келе зерттеу жасады.Ғылыми зерттеудің жаңашылдығы дыбыстық техниканың (анафора, аллитерация, ассонанс жәнет.б.) қазақ әдебиеті тарихы мәдениетінің материалдарында бірінші рет қаралып отырғандығы болыптабылады. Оның генезисі (ежелгі формалармен – иланумен және арбаумен тарихи байланысы)зерттеу жұмысында алғаш рет сипатталып отыр. Сонымен қатар оның функциялары мен құрылымдықтүрлеріне де тоқталып өтілді. Қазақ әдебиет тарихы материалдарының поэтикалық, дыбыстық негізіқазіргі ауызекі өлең теориясының (Герман Рапапорт) тұжырымдарына сәйкес талданады. Зерттеудіңпрактикалық құндылығы дыбыстық техниканы феномен ретінде, жыр тақырыбы мен идеясының негізгі«қозғалтқышы» ретінде, эпостық аңызды құрылымдық-семантикалық ұйымдастыру, оны орындаумен есте сақтау принципі ретінде қабылдау және түсіндіру болып табылады. Зерттеуші ғалымдарМ. Пэрри мен А.Б. Лордтың ауызша өлең туралы теориялық тұжырымдарына сүйенсек, бүкіл халықэпосы, фольклор, халықтық әндік, жеке-авторлық лирика – осылардың барлығы ауыз әдебиетініңпоэтикалық техникасынан туындаған. Нақтылайтын болсақ, осылардың барлығы жүздеген жылдарбойы қалыптасқан дыбыстық техника мен формулалық дәстүр нәтижесі болып табылады.