ҚР білім беру ұйымдарында инклюзивті практика жағдайында педагогтердің рефлексивті құзыреттері: зерттеу нәтижелері және дамыту жолдары

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2023-3-182-191
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қазіргі таңда педагогтердің рефлексивті құзыреттерін дамыту мәселесіне көп көңіл бөлінуде. Педагогтің аталған дағдыларға ие болуы күтілетін нәтижелерді тұжырымдауға, жұмыстың қол жеткізілген мақсаттарын дұрыс ұғынуға, педагогтің өз даму траекториясын анықтап, оған түзетулер енгізуге, кәсіби және тұлғалық кемелденуіне ықпал етеді. Бұл өз алдына білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін жайлы қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуі тиіс. Мұндайда педагогтердің рефлексивті дағдыларын барлық балалардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескеру тұрғысынан қарастыру өзекті. Берілген мақалада авторлар ұжымымен педагогтердің инклюзивті ортада жұмыс істеуге дайындығын зерделеуге бағытталған зерттеу нәтижелері және сәйкесінше педагогтерге рефлексивті құзыреттерді дамыту жолдары ұсынылған. Атап айтсақ, мақалада педагогтерге инклюзивті ортада рефлексивті құзыреттерді дамыту бойынша ұсынымдар ретінде шетелдік ғалымдармен әзірленген инклюзивті жағдайда рефлексивті оқытудың бес ерекшелігі, инклюзивті білім берудегі кәсіби шеберліктің үш негізгі элементі, рефлексия циклінің негізгі кезеңдері жөнінде қысқаша ақпарат берілген. Аталған ұсынымдар педагогтердің оқу процесін барлық балалардың жеке мүмкіндіктері мен ерекше қажеттіліктерін ескере отырып құруына оң ықпал ететінін атап өткен жөн.