Аңдатпа
Барлық әлемде әсем саз ырғағымен дөңгелене билегенге, қимыл-қозғалыстың сәт сайынкөз сүріндірер ғажап құбылыстарына қызыға қарамау мүмкін емес. Өнерде би жанрының алатынорны айрықша. Қазақстан хореография өнері дамуында ұлттық хореографиялық қойылым – «Серілерсалтанаты» ерекше құбылысқа айналды. Жас балетмейстерлердің шығармашылығынан ежелгі қазақмәдениеті мен ұлттық философияны жаңғыртатын, бірегей би қимылдары мен заманауи шешімінтапқан, ұтымды хореографиялық ойларды байқауға болады. Жалпы, «сал» және «сері» сөзі екі түрліадамды сипаттайды. Бірақ қойылымда екі бейне бірге бейнеленеді. Қойылым қазақ ауылына сал-серілердің келуін, тойды, аламан өнер жарысын әсем қимылдармен өрнектейді. Аталмыш мақаладақазақ ұғымына сіңген «сал», «сері» атауларының мәнін ашу, олардың әдебиет саласындағы фольклорәлемімен байланысын сипаттау, халықтың рухы, салт-дәстүрі, тыныс-тіршілігі көрініс тапқан ұлттықдәстүрдің құдіреттілігін айқындау, сонымен қатар отандық балетмейстерлердің шығармашылығы менөзіндік қолтаңбаларына салыстырмалы түрде талдау жасау мәселелері қамтылған. Мақалада бишініңәсем қимылы, сәнді ырғағы жарасымдылықпен жарқырап көрінетін билеу мәнері, бидің ұлттық-әдеби көріністе алатын орны мен рухани үндестігінің өзіндік ерекшеліктері талданды. Жүргізілгензерттеудің негізінде автор тарапынан көрерменді ғаламат сұлулыққа жетелеп, музыка сазымен көңіл-күйдің барлық сәттерін би компоненттеріне сыйғыза білу дағдысы қарастырылады, сал-серілердіңжүріс-тұрысы мен қимылдары, олардың ерекше киім киісі мен дарындарының би қойылымындаөзіндік философиялық мағынаға ие болып, айрықша ерлер би қимылдарымен бейнеленуі ұсынылады,сал-серілердің бейнесі бимен өрнектеліп, айтыс өнері, музыкалық және спорт өнерлері, сал-серілергедеген қазақ қыздарының құрметі ұлттық бояумен дәлелденеді, ұлттық хореография өнеріне жаңасерпін әкеліп, бірегей қойылымдарымен ерекшеленіп, өнер тарихының жаңа белесіне жол ашқан жасхореографтар Анвара Садықова мен Алмат Шамшиевтің шығармашылық ізденістері тұжырымдалады,театр репертуарындағы ұлттық қойылым – «Серілер салтанаты» хореографиялық қойылымының жаңаинтерпретациялық бейнесі көрсетіліп, шығармашылық саладағы өзектілігі айқындалады.