Бұланды (Баланды) фортификациясын зерттеу нәтижелері

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.32523/2664-5157-2023-2-49-66
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан, б.д.д. І мыңжылдықтың екінші жартысымен мерзімделетін Бұланды (Баланды) І ескерткішінің қорғаныс жүйесі жайлы баяндалады. Ескерткішті мекен еткен тұрғындар Іңкәрдария мен Жаңадария арасында тартылғанканалға негізделген суармалы егіншілікпен айналысқан. Шірікрабат археологиялық экспедициясының 2007-2014 жылдары ескерткішке жүргізген зерттеуі барысында қорғаныс жүйесіне қатысты біршама құрылыс орындары анықталды. Қазба-зерттеу жұмыстары барысында алынған мәліметтерге сүйене отырып, бекініс қабырғаларын салудыңнегізгі кезеңдерін бөліп көрсетеміз, олар өз кезегінде бірнеше сатыларға бөлінеді. Сондай-ақ зерттеу нәтижесі ескерткіштің қорғаныс жүйесі өте ерте кезеңде салынғандығын көрсетеді. Бекініс қабырғаларының бұрыштары жоспарлы түрде шығып тұрған жартылай шеңберлі мұнаралармен күшейтілген. Бекініс қабырғалардың іргетасы тұтас монолитті тығыз сазды пақсадан көтеріліп, кейін ішкі жағынан ені1,3-1,4 м, биіктігі 1 м-ге жуық пақса алаңы жанаса қатар тұрғызылған. Ұзын қорғаныс қабырғалары да пішіні жебе тәрізді, атыс ойықтары бар жартылай шеңберлі мұнаралармен күшейтілген. Бүгінге дейін алынған археологиялық деректерге сүйенсек, Бұланды І бекінісі үлкен іргелі ғимарат болғандығын көрсетті. Ескерткіштің архитектуралық жоспары мен құрылыс тәсілдерін толық түсіну үшін, хронологиясы бойынша бір кезеңмен мерзімделетін көршілес аймақтарда орналасқан археологиялықескерткіштермен салыстырмалы талдау жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Бұланды І бекінісінің қорғаныс жүйесін қамтамасыз ететін нысандар құрылысы екі кезеңнен тұратындығы анықталды.