Аңдатпа
Мақала, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларын жобалаудың ғылыми-әдіснамалық негіздемесін әзірлеу мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жетекшілігімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің OR 11465474 «Білім және ғылым саласындағызерттеулер» басымдық бағыты бойынша бағдарламалық-нысаналы гранты аясында орындалды. Жаһандық өзгерістер аясында Қазақстандық білім беру жүйесі халықаралық білім нарығына толық сапалық енуі үшін педагогтар нарықтың жаңаша даму жағдайына сай қызмет етуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік сұранысқа сәйкес шығармашылыққа бейім, кәсіби құзіреттілігі қалыптасқан педагогикалық кадрлар дайындау маңызды. Бұл өз кезегінде білім беру саласындағы формальды емес білім беру жүйесін жетілдірудің өзектілігіне әкеледі. Осыған байланысты Білім беру саласындағы Еуропалық Одақтың «Өмір бойы оқу» (lifelong learning – LLL) меморандумы негізгі стратегиялық тұжырымдама ретінде басшылыққа алынды. Мақалада білім беру бағдарламаларын дайындаудағы білім алушылардың функционалдық сауаттылығы мен кәсіби құзіреттерін қалыптастыру және дамыту үшін педагогикалық дизайнның маңыздылығы қарастырылды. Сонымен қатар, ғылыми-теориялық материалдардың талдау нәтижесі ғалымдар «педагогикалық дизайн» ұғымына берілген анықтамаларында оны ғылым, процесс, пән, жүйе ретінде нақтыланғанын анықтаса, мақала авторлары оны құрал ретінде қарастырады. Үздіксіз білім беру контекстіндегі білім беру бағдарламаларының педагогикалық дизайнының жағдайы талда- нып, оның болашақтағы қолдану басымдықтары белгіленген. Кілт сөздер: педагогикалық дизайн, білім беру бағдарламасы, үздіксіз білім беру, LLL – lifelong learning, ЖОО педагогтарды даярлау, білім беру ортасы Статья выполнена в рамках программно-целевого гранта Министерство образования и науки Респу- блики Казахстан научно-технической программы OR 11465474 «Научные основы модернизации систе- мы образования и науки» (2021-2023 гг.) под руководством Национальной академии образования им. Ы.Алтынсарина целью которого является разработка научно-методических основ проектирования педа- гогически ориентированных образовательных программ в системе технического и профессионального образования, высших и послевузовских учебных заведений. В рамках глобальных изменений для качественного проникновения казахстанской системы образо- вания на международные образовательные рынки, педагоги должны уметь работать в новых условиях развития рынка. В соответствии с государственным спросом важна подготовка педагогических кадров способных к творчеству и сформированными профессиональной компетентностью. Это, в свою очередь, приводит к актуальности совершенствования системы неформального образования в сфере образования. В связи с этим меморандум Европейского Союза «Обучение на протяжении всей жизни» (lifelong learning – LLL) в сфере образования был принят в качестве основной руководящей стратегической концепции. В статье рассмотрена значимость педагогического дизайна для формирования и развития функциональ- ной грамотности и профессиональных компетенций обучающихся при разработке образовательных про- грамм. Кроме того, результаты анализа научно-теоретических материалов выявили, что в определении «педагогический дизайн» ученые обозначали его как науку, процесс, предмет, систему, тогда как авторы статьи рассматривают его как инструмент. Анализируется состояние педагогического дизайна образова- тельных программ в контексте непрерывного образования, определяются приоритеты его дальнейшего применения. Ключевые слова: педагогический дизайн, образовательная программа, непрерывное образование, LLL – lifelong learning, подготовка педагогов в вузах, образовательная среда The article was performed within the framework of the program-targeted grant of the Ministry of Education and Science of the Republic of Kazakhstan of the scientific and technical program OR 11465474 “Scientific foundations for the modernization of the education and science system” (2021-2023) under the leadership of the National Academy of Education. Y. Altynsarin, the purpose of which is to develop scientific and methodological foundations for the design of pedagogically oriented educational programs in the system of technical and vocational education, higher and postgraduate educational institutions. Within the framework of global changes, for the qualitative integration of the Kazakhstani education system into international educational markets, teachers need to be able to work in the new market conditions. In accordance with the state demand, it is important to train pedagogical staff capable of creativity and formed professional competence. This, in turn, leads to the relevance of improving non-formal education in education. In this regard, the Lifelong Learning (LLL) Memorandum on Lifelong Learning in Education of the European Union has been adopted as a key guiding strategic concept. The paper examines the importance of pedagogical design for the formation and development of functional literacy and professional competences of learners in the design of educational programmes. In addition, the results of the analysis of scientific-theoretical materials revealed that in the definition of “Pedagogical Design” scientists denoted it as a science, process, subject, system, whereas the authors of the article consider it as a tool. The state of pedagogical design of educational programmes in the context of lifelong learning is analysed and priorities for its further application are identified. Keywords: pedagogical design, educational programme, Lifelong learning, teacher training in higher education, educational environment