ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ МОДЕЛЬ БЕЗОПАСНОСТИ ЖИЗНИ ДОШКОЛЬНИКОВ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2022-1.1728-5496.22
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада мектепке дейінгі білім беру мекемесі мен отбасының өзара әрекеттестігі негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастырудағы педагогикалық модель (үлгі) туралы айтылады. Осы педагогикалық модельдеудің негізінде үлкен әлеуметтік сұрақтың жауабы жатыр. Ұсынылып отырған педагогикалық модельдің мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру үшін педагогикалық жағдай жасау. Балаларды қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен тиімді таныстырудың қажетті шарты осы мәселені шешуде ата-аналармен әрекеттестік бірден-бір тиімді жүйе болып табылады. Қауіпсіз өмірдің білім беру кеңістігін модельдеу оқытудың жүйелік, мәдени, экологиялық, белсенділік және тұлғалық-бағдарлы тәсілдерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз етуі тиіс. Қазіргі уақытта отбасында және мектепке дейінгі білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша зерттеулер өзекті болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбие және білім беру ұйымдарындағы өмір қауіпсіздігі саласында балалардың өмірлік тәжірибесін дамытуға көңіл бөлінеді, бірақ нені және қаншалықты оқыту керектігі туралы ортақ түсінік те, жинақталған педагогикалық тәжірибені жүйелеу де жоқ. Мектеп жасына дейінгі балалардың мінез-құлқын дұрыс әрі жүйелі қалыптастыруда ата-аналар мен педагогтардың қызметін анықтау үшін зерттеулер қажеттілігі туындады. Түйін сөздер: педагогикалық модель, мектепке дейінгі ұйым, отбасы, мектеп жасына дейінгі бала, қауіпсіз мінез-құлық, педагогикалық қызмет; В статье рассматривается педагогическая модель формирования безопасного поведения дошкольников на основе взаимодействия дошкольного учреждения и семьи. В основе этого педагогического моделирования лежит ответ на большой социальный вопрос. Целью предлагаемой педагогической модели является создание педагогических условий для формирования безопасного поведения детей дошкольного возраста. Необходимое условие эффективного ознакомления детей с правилами безопасного поведения - одна из наиболее эффективных систем взаимодействия с родителями при решении данной проблемы. Моделирование образовательного пространства для безопасной жизни должно обеспечивать взаимодействие систематических, культурных, экологических, активных и личностно- ориентированных подходов к обучению. В настоящее время актуальны исследования по формированию культуры безопасности дошкольников в семье и в системе дошкольного образования. Организации дошкольного образования делают упор на развитие жизненного опыта детей в области безопасности жизнедеятельности, но нет ни единого понимания того, что и сколько учить, ни систематизации накопленного педагогического опыта. Необходимы исследования для определения роли родителей и учителей в правильном и систематическом формировании поведения детей дошкольного возраста. Ключевые слова: педагогическая модель, дошкольная организация, семья, дошкольник, безопасное поведение, педагогическая деятельность; The article discusses a pedagogical model of the formation of safe behavior of preschool children based on the interaction of a preschool institution and a family. At the heart of this pedagogical modeling lies the answer to a big social question. The purpose of the proposed pedagogical model is to create pedagogical conditions for the formation of safe behavior in preschool children. A necessary condition for effectively familiarizing children with the rules of safe behavior is one of the most effective systems of interaction with parents in solving this problem. Modeling an educational space for a safe life should ensure the interaction of systematic, cultural, environmental, active and student- centered approaches to learning. Currently, research on the formation of a safety culture of preschoolers in the family and in the preschool education system is relevant. Organizations of preschool education focus on the development of children's life experience in the field of life safety, but there is not a single understanding of what and how much to teach, nor the systematization of the accumulated pedagogical experience. Research is needed to determine the role of parents and teachers in the correct and systematic shaping of the behavior of preschool children. Keywords: pedagogical model, preschool organization, family, preschooler, safe behavior, pedagogical activity;