Аңдатпа
Мақалада бос уақыт пен демалысты ұйымдастырудағы жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктер, тұрақты тұратын жерінен кеңістікте қозғалу тәжірибесі ретінде туризмнің негізгі белгілері, саяхат орнын таңдау арқылы туристердің мінез-құлқы сарапталған. Әр түрлі санаттағы туристердің тәуелсіз тау, жағажай және тарихи-мәдени орталықтарды таңдау ерекшеліктеріне байланысты позициялары салыстырылады. Туризмнің жеке түрлерін таңдаудың себептері мен психологиялық функциялары жүйесінде туристердің әртүрлі топтарының (тау туристері, тарихи-мәдени туристер, жағажай туристері) жеке-психологиялық талдау жүргізіледі, тур операторларының ішкі психологиялық мақсаттары мен географиялық кеңістікте демалыс уақытына қатысты негізделген туристік белсенділіктің сыртқы объектілерінің позициялары қарастырылады. Мақаланың мақсаты – туризмнің әртүрлі түрлерін қолданатын адамдардың психологиялық ерекшеліктерін анықтау және туристердің баратын жерлерін бағалау кезінде бос уақытты өткізу функцияларын талдау.