Аңдатпа
"Берілген мақалада қазақ жазушыларының шығармаларындағы көркем образдарды талдау арқылы жоғары оқу орнының білім алушыларын қазақ тіліне үйрету тиімділігі туралы жазылған. Мақалада жазушы Ж. Молдағалиевтің шығармаларындағы образдар қарастырылған. Осы тұста Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Ілияс Омаров сияқты қазақ халқының көрнекті тарихи тұлғалары да бар. Аталмыш тарихи тұлғалардың көркем образдарын талдау арқылы білім алушылар үшін арнайы лексикалық тапсырмалар мен грамматикалық жаттығуларды құрастыру ерекшелігі мен тиімділігі кеңінен қарастырылған. Деректі әңгіме, повесть, романдарда сипатталған көркем образдар шынайы тұрғыдан көрсетілген. Көркем образдарды талдау арқылы білім алушыларды қазақ тіліне үйрету тиімділігін практикалық қазақ тілі сабақтарында қарастырылды. Көркем шығармалардағы басты кейіпкерлер мен эпизодтық кейіпкерлер образдарының ерекшеліктері білім алушыларға алуан түрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді. Қазақ тілі сабағында көркем образдар арқылы диалог, мәтін құрастыру, лексикалық тапсырмаларды топпен орындау жұмыстары білім алушыларға қазақ халқының болмысын терең көрсете алады. Шығармада берілген диалог пен монолог түрлері арқылы қазақ тілін үйрету мақсатында лексикалық тапсырмаларды топтық тапсырмаларға айналдыру тиімділігі жан-жақты қарастырылған. Шығармаларда суреттелген белгілі бір заманның көрінісі білім алушыларға танымдық ақпаратты ұсынады. Ел тарихын кеңінен көрсететін әңгімелер жанры арқылы білім алушылар қазақ тілін тиімді үйренеді. Кілтті сөздер: көркем образ, салыстыру әдісі, талдау, диалог құрастыру, мәтін түрлері. "