"З. ҚАБДОЛОВТЫҢ «МЕНІҢ ӘУЕЗОВІМ» РОМАН-ЭССЕСІ ТУРАЛЫ"

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/hogz3975
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

"Мақалада Зейнолла Қабдоловтың «Менің Әуезовім» роман-эссесінің кейіпкерлері, көркемдігі талданған. Әуезовтің ұстаз ретіндегі бейнесінің сомдалуы, оның азамат боп қалыптасып, білім жолына түсуіне ағасы Қасымбектің көп көмек тигізгені айтылады. Әуезовтің Алаш адамдарымен танысуына, Абай ұрпақтарымен табысуына себепкер болған Қасымбек екені ерекше аталады. Абай өлеңдерін эстетикалық тұрғыда түсіндіріп берген де, ұлтты сүюге үйреткен де Қасымбек екені сөз болады. Романда Әуезовтің өмір жолын Абайдың өлеңдерімен сабақтастырады. «Менің Әуезовім» роман-эссесінен Қабдоловтың өзі «Сөз өнерінде» айтып кеткен жазушыға қажет сегіз қасиеттің бәрін кездестіре аламыз. Шығармадағы Әуезов туралы, өзі туралы оқиғалар, толғаныстар роман-эссе жанрына сай үзік-үзік, қысқа түрде берілген. Қабдоловтың сөз қолданудағы шеберлігіне Әуезовтің, Байкенжиннің көздерін сипаттауы дәлел бола алады. Адам психологиясын ашудағы Достоевский дәстүрін көреміз. Әуезовтің көзі, Достоевский тілімен айтқанда, «адамның ішіндегі басқа адамды» таба алатындай деңгейде суреттелген. Кейіпкерлерге мінездеме бергенде сөз дәлдігін ұтымды қолданады. Автор орыс әдебиетіндегі эпизодтарды салыстыру ретінде шеберлікпен қолдана біледі. Университетте болған бір жағдайды Гогольдың «Ревизорына» ұқсатып сипаттайды. Кеңестік дәуірдегі саяси науқандарды жазушы «Ленин – 17», «Сталин –37», «Ойраншыл – 37» деген саяси атаулармен атайды. Өзіндік сөз қолданысы деп қабылдаймыз. Кілтті сөздер: жазушылық шеберлік, психологизм, интермәтін, Әуезов бейнесі, кеңестік идеология, Достоевский дәстүрі, юмор, сөз дәлдігі. "