ТҰҚЫ БАЛЫҚТАРЫН ӨСІРУДЕ АРАЛАС ӘДІСТЕМЕНІ ПАЙДАЛАНУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-3-2-249-257
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл мақалада еліміздің ішкі суларындағы балықтар қорының төмендеуіне орай, қазіргі кезде балық өнімділігін көтеруге бірден бір себепші болатын қолдан өсіріп көбейтудегі өзекті әдістемелердің бірі сипатталған. Бүгінгі таңда тұқы балықтарын жасанды ортада өсіріп-көбейту әдістемелері жеткілікті жоғары көлемде. Соның бірі климаттық өзгерістерге байланысты аралас өсіру әдістемелерін пайдаланып өсіріп-көбейту экономикалық көз қарас жағынан тиімді әдістеменің біріне жатады. Өйткені тұқы дернәсілдерін ТЖСҚЕҚ-да көтеріп алып, тауарлық салмаққа дейін тоған суларында өсіру өзекті тапсырмалардың бірі болып тұр. Мақала нәтижесінде тұқы дернәсілдерін тауарлық салмаққа дейін өсіріп-көбейтуде аралас өсірудің әдістемесі, өсіру кезеңдері сипатталған. Сонымен қатар өсіру ортасындағы судың гидрохимиялық көрсеткіштері, азықтандыру сияқты әр түрлі әсер етуші факторлардың шешімдері мен дернәсілдердің өлшем бірліктері (дене өсімінің абсолюттік өсімі, орташа тәуліктік салмағы, салмақ жинаудың коэффициенті, өміршеңділігі) де келтірілген. Бассейндік ортада өсіру дарақтардың орташа салмақ көрсеткіштері – 0,0015 ± 0,0002 г құрады. Өсіру нәтижесіндегі орташа тәуліктік өсімі – 0,000324 г құрады, азықтық коэфициенті – 2,7. Тоғандық ортада 140 тәулік мерзімінде өсіру кезінде дернәсілдердің орташа тәуліктік салмақ көрсеткіші 0,60 г, орташа тәуліктік өсу жылдамдығы 1,43% құрады. Дернәсілдердің өміршеңділігі 85% жоғарылады.