КАРБОНАТТЫ КҮҢГІРТ ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТЫҢ ҚОРЕКТІК ЭЛЕМЕНТТЕРДИНАМИКАСЫ МЕНДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІНЕ МИНЕРАЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ӘСЕРІ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-3-2-19-31
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада дәнді дақылдардың даму кезеңдерінде қоректік элементтермен қамтамасыз ету мен топырақ құнарлылығын арттырудың ең тиімді жолы минералды тыңайтқыштар енгізу екендігі қарастырылады. Дақылдардың қоректенуінде топырақтағы азот мөлшерінің рөлі өте маңызды. Зерттеу нәтижесінде карбонатты күңгірт қара-қоңыр топыраққа енгізілген аммофос тыңайтқышы құрамындағы азоттың көктемгі нитрификация үрдісіне айтарлықтай әсер еткендігі әсіресе 3 себу мерзімінде (себу мерзімдері: І мерзім – 15 мамыр, II мерзім – 20 мамыр және III мерзім - 25 мамыр)анық көрінеді. Аммофос пен аммоний сульфаты бірге енгізілген 3-нұсқада тұқым себуге дейінгі нитратты азоттың мөлшері бақылаумен салыстырғанда айтарлықтай артқандығы анықталды. Дәнді дақылдардың түптену және масақтану кезеңдерінде барлық нұсқаларда топырақтағы нитраттың мөлшері көтеріңкі және жоғары деңгейде болды. Зерттеу нәтижелері бойынша нитрификация үрдісінің ең белсенді кезеңі маусым айында жүргендігін анық көруге болады. Ал топырақтағы жылжымалы фосфордың ең жоғары мөлшері, барлық себу мерзімдерінде, дәнді дақылдардың масақтану (32,56-37,89 мг/кг) кезеңінде сульфат аммонийін аммофоспен үйлестіре енгізген нұсқада болды. Масақтану кезеңінде түскен ылғал енгізілген тыңайтқыш құрамындағы фосфордың жылжымалылығына оң әсер етті. Зерттеу нәтижелері бойынша дәнді дақылдардың өнімділігі аймақтың климаттық жағдайына, топырақтағы қоректік элементтердің мөлшеріне, агротехникалық шараларға, дақылдың сортына және биологиялық ерекшеліктеріне тәуелді екендігі айқындалды.