МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЕР БЕТІНІҢ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ДЕФОРМАЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІНІҢ МОНИТОРИНГІ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2022-3-3-194-207
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақала Қазақстанның батыс өңіріндегі көмірсутегі кен орындарын игеру кезіндегі геодинамикалық процестерді зерттеуге арналған. "Теңізшевройл" ЖШС жобасы бойынша тұрып жатқан Солтүстік Каспий теңіз арнасының жер беті деформациясының және айлақ құрылыстарының кешенді мониторингінің нәтижелері ұсынылған. Мұнай кен орындарын тиімді және қауіпсіз өндіру үшін деформациялық процестердің дамуына табиғи және техногендік факторлардың әсері зерттелді, бұл олардың жер бетіне және инженерлік құрылымдарға әсерін реттеу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік берді. Тәжірибелік деректерді талдау негізінде алынған қабаттың төбесінің шөгуінің есептік мәндеріне сәйкес жер бетінің шөгуін болжау әдістемесі жасалды. Объектілердің жай-күйін жоғары дәлдікпен бақылауға және деформацияға қарсы шараларды әзірлеуге, жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық құралдарды пайдалана отырып, Солтүстік Каспий теңіз арнасының айлақтық құрылыстарын қамтамасыз ету бойынша геодезиялық жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген зертеулердің ғылыми жаңалығы табиғи және технологиялық факторлардың жер бетінің максималды шөгуінің шамаларына әсер ету заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін жоғары ақпараттылығы мен дәлдігі бар заманауи геодезиялық аспаптар негізінде массивтің жай-күйіне мониторинг жүргізу әдістемесін әзірлеуден тұрады. Алғаш рет өнімді қабаттардың физика-механикалық қасиеттерін бағалауға негізделген мұнай кен орындарын игеру кезінде жер бетінің максималды шөгінділерін болжаудың инженерлік әдісі жасалды. Зерттеулердің практикалық маңыздылығы - мұнай кен орындарын игеру және инженерлік құрылыстар салу кезінде мониторинг жүйесінің жоғары дәлдікті геодезиялық әдістерін өндіріске енгізуден тұрады.