САЗ ҚҰНДЫЗЫ СОЙЫС ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН САПАСЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРЛЫҚ САРАПТАМАСЫ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2022-1-1-93-102
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аңдатпа Мемлекет шикізатты экспорттаумен қатар, шикізаттарды өңдеу арқылы сапалы өнім дайындауға көптеп көңіл бөлуде. Осыған сәйкес, халықты қауіпсіз, сапалы ет және ет өнімдерімен қамтамасыз ету барысында терісі бағалы жануарлар етінің сапасын, тағамдық құндылығын, қауіпсіздігін зертханада кешенді зерттеулер арқылы анықтау бүгінгі күннің өзекті де маңызды мәселесі болып отыр. Бүгінгі таңда, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі басым бағыт болып табылуда және ол арқылы елдің әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуы қамтамасыз етіледі. Яғни, қосымша ет өнімдерін алуға мүмкіндіктер туындар еді. Елімізде тағам қауіпсіздігі және ветеринарлық-санитарлық қағидалар жөнінде тиісті құжаттар қабылданған. Олар ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігін арттыру мәселесін зерттеуге және оның мүмкіндіктерін жоғарылату маңыздылығы жөнінен алдыңғы қатарда тұр. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларда бағалы терісі үшін арнайы өсірілетін саз құндызы сойыс жануарлары ретінде қарастырылмаған. Ауруларды болдырмау немесе ветеринарлық түрлі іс шараларды жүргізу есебінен олардың алдын-алу арқылы тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Еліміздегі көптеген шаруашылық субъектілерінде терісі пайдаға асырылғаннан соң, көптеген саз құндызы еті мен ішкі мүшелері жарамсыз деп табылып, есептен шығарылуда. Дегенмен, олар сол шаруашылықтарда тағам ретінде пайдаланылуда, сонымен қатар әуес ас ретінде сұранысқа ие болуда. Сондықтан, ғылыми-зерттеу жұмысымызда саз құндызы ұшасы мен мүшелеріне ветеринарлық санитарлық сараптама жүргізіп, етінің сапасы мен қауіпсіздігі тексеріліп, тағамға жарамдылығы анықталды. Салыстыру ретінде үй қояны еті алынды.