КАСПИЙ МАҢЫ ТҰЗДЫ ЖЕРЛЕРІНДЕ СУАРМАЛЫ ЖАЙЫЛЫМДАР ҚҰРУ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2022-3-3-51-60
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Аннотация Құрғақ экожүйелерде суармалы дақылдардың өсуі мен дамуын анықтайтын негізгі фактор топырақтың тұздануы болып табылады. Сортаңданған жерлерді ұзақ уақыт (50 жылдан астам) игергеннен кейін кәріз-қашыртқы жүйелері аясында тұздарды жуу арқылы оларды жақсартудың тиімсіздігі анықталды және осыған байланысты қазіргі жағдайда іс-шараның негізгі бағыты суаруға пайдаланылмайтын жерлердің арасында шашыраңқы игерілген пайдалану коэффициенті (КЗИ) 0,4 артық емес кіші учаскелерде (40-100 га) өсетін тұзға төзімді дақылдарды іріктеу. Суарылмайтын учаскелер бұл жағдайда көршілес суармалы учаскелерден ағып келетін минералданған суларды жинақтау аймағы ретінде қызмет етеді. Осылайша, топырақтың жоғарғы (0-70 см) горизонттарындағы топырақтың тұз режимінің оң балансы орташа деңгейге дейін сақталады. Жоғары тұзға төзімділікті жоғары өнімділікпен үйлестіретін дақылдарды таңдау арқылы суармалы егістік үшін орташа тұзды топырақты игеруге болады. Тұздану дәрежесі бойынша ерекшеленетін топырақтарда дақылдардың үлкен жиынтығымен жүргізілген ұзақ тәжірибелер суармалы жайылым үшін тұзды жерлерді игерудің жоғары тиімділігін болатының растады. Таңдалған дақылдардың ішінен 492.1-ден 531.2 ц/га-ға дейін шабындық-жайылымдық массаның тұрақты жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін түйежоңышқа мен оның шөп қоспалары жоғары тұзға төзімділігімен және климаттық тұрғыдан өнімділігімен ерекшеленді.