БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТАҒАМТАНУ БЛОГЫНА ХАССП ЖОСПАРЫН ҚҰРУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-2-3-135-143
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Емдеу-профилактикалық мекемелерде ұйымдастырылатын емдік тамақтану науқастардың денсаулық жағдайын көтеру үшін орасан зор үлес қосады. Науқастарды кешенді емдеуде тамақтанудың дұрыс ұйымдастырылуымен қоса, оның қауіпсіздігі мен сапасына да көңіл бөлген жөн. Азық-түліктің дұрыс өңделмеуі, технологиялық процестің ретсіздігі, шикізатты сақтау мен тасымалдау шараларында кездесетін қателіктер есебінен дайын өнімнің сапасы нашарлайды, қауіпсіздік дәрежесі төмендейді және әртүрлі аурулардың ушығуына себепші болады. Бұл науқастардың наразылығын тудырып қана қоймай, емдік тамақтанудың даму жағдайына кері әсерін тигізеді. Аталған факторлардың алдын алу үшін тағамтану блоктарына ХАССП бағдарламасын енгізу маңызды. Мақалада Батыс Қазақстан облысындағы көпбейінді аурухананың тағамтану блогындағы сыни бақылау нүктелері анықталып, оларды түзету әрекеттері ұсынылған. Ас мәзірімен танысып, тағамдардың дайындалу блок-сызбасы құрылды. Науқастарға ең жиі ұсынылатын ботқалар мен гарнирлердің (күріш, қарақұмық және бидай ботқалары) қауіпсіздік көрсеткіштері анықталды. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ жанындағы ғылыми зерттеу институтында және Республикалық ветеринариялық зертхананың БҚОФ-да жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша уытты элеметтер мен радионуклидтер анықталмады, микробиологиялық көрсеткіштері бойынша құрамынан бөгде ағзалар табылған жоқ. Алынған зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, тағамтану блогына арналып ХАССП бағдарламасының жұмыс жоспары құрылды. Зерттеу мақсаты – тағамтану блогындағы сыни бақылау нүктелерін анықтау және оларды түзету әрекеттерін бекіту арқылы ХАССП принциптеріне негізделген бағдарламаның жоспарын құру.