ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТТАНУ МЕН ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫ ТАЛДАУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-2-3-153-163
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жарақаттану деңгейінің өсуі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі мақсатты ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың қысқаруына, сондай-ақ осы проблема бойынша арнайы ғылыми зерттеулер жұмыстарының мардымсыздығына байланысты. Дегенмен де жарақаттанудың алдын алу іс шараларын табысты жоспарлау үшін өндірістегі жазатайым оқиғалардың түрлеріндегі нақты сандық өзгерістер мен олардың негізгі себептері туралы ақпаратты талдау арқылы ғана қол жеткізуге болады. Өндірістік жарақаттанудың себептерін талдау қазіргі уақытта технологиялық процестің белгілі бір кезеңінде жарақаттануға тән негізгі тенденцияларды анықтауға, оның негізгі фактілерін анықтауға және осы негізде басқа ұқсас жағдайлардың пайда болуына жол бермейтін шаралар кешенін жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты өндірістік жарақаттану себептерін талдау тек ұйым қызметкерлерінің ғана емес, сонымен қатар ұйым әкімшілігінің де өндірістік қызметінің ажырамас бөлігі болуы керек. Өндірістік жарақаттанудың себептерін талдау жазатайым оқиғалар туралы актілердің негізінде жүзеге асырылады, бұл олардың себептері мен оқиғаларға кінәлілерді анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан мақалада өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру және жазатайым оқиғалар себебінен болған материалдық залал серпіні, өңірлер, экономикалық қызмет түрлері, меншік нысандары бойынша еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны, сондай-ақ жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендер санының жазатайым оқиғалардың себептері, жұмыс түрлеріне байланысты таралуы туралы статистикалық деректерге талдаулар жасалған.