Батыс Қазақстан облысының жайылымдарын жер беті суларымен суландыру

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52578/2305-9397-2023-2-2-308-318
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жайылымдық мал шаруашылығын жүргізу кезінде суландырудың неғұрлым қолжетімді түрлері жер үсті су көздері болып табылады, оларды пайдалану судың минералдану дәрежесімен шектеледі. Санитарлық жағдайы жақсы жер беті су көздері айтарлықтай жиі болса сол аумақтарды су шығаруға қосымша шығын жұмсамай-ақ суландыруға болады. Мақалада Батыс Қазақстан облысының жайылымдарын жер беті суларымен суландыру жағдайы туралы мәліметтер қарастырылған. Өзендер, су арналары сияқты жайылымдарды суландыру үшін пайдаланылатын ашық су көздерінің сандық және сапалық көрсеткіштері зерттелді. Талдау көрсеткендей, Батыс Қазақстан облысының аймақтары өзендер мен су арналарын қамтитын жайылымдарды суландырудың ашық су көздерін кеңінен қолданумен сипатталады. Облыс аудандарындағы жайылымдарды жер беті суларымен суландырудың ең төменгі көрсеткіштері Бөкейорда, Жәнібек, Жаңақала аудандарының үлесінде, ал құрғақ дала аймағындағы Ақжайық, Казталов, Теректі аудандарында орташа және Тасқала ауданындағы жайылымдарды суландыру жоғары деңгейде. Суару-суландыру жүйелерінің арналарына іргелес аумақтарда шалғайдағы мал шаруашылығының орналасу орындарын сумен қамтамасыз ету, суару алаңдарын орната отырып, тоғандарды салу жолымен шешіледі. Бұл шешім мал өсірушілер үшін іс жүзінде негізделген және үнемді, дегенмен мал шаруашылығын сапалы су қорымен қамтамасыз етуде айтарлықтай мәселелер туындайды.