БАТЫС ӨҢІРДЕГІ МӘДЕНИ ДАМУДЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРІ (Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театры негізінде)

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53871/2078-8134.2023.1-18
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақалада авторлар 2003 жылы шаңырақ көтерген Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық қазақ музыкалық драма театрының қойылымдарын талдаған. Шығармашылық ұжымның қалыптасуы мен даму жолына назар аудара отырып, репертуардағы спектакльдердің көркемдік деңгейіне кәсіби баға берген. Мәселен, «38 немесе Қарақұрт» эксперименттік қойылымы арқылы жағымпаздықты, жалғандықты, ашкөздікті, қызғанышты әшкерелеген режиссердің ой-тұжырымын нақты дәлелдер арқылы ашып көрсетеді. Сондай-ақ, зерттеушілер «Бір түп алма ағашы» спектаклін театрдың табысты шыққан дүниелердің бірі деген қорытындыға келеді. Сол сияқты Г.Мерғалиеваның М.Әуезов пен С.Цвейгтің прозалық шығармаларын және жапон еліндегі цунамидің жер бетіне төндірген қаупін көркемдік тұрғыдан байланыстыра отырып сахналаған «Зілзала» спектакліне кеңінен тоқталған. Одан әрі авторлар «Іздедім сені» қойылымындағы Нази мен Әзиз арасындағы сүйіспеншілік сезімнің Б.Манкеева мен К.Ақүрпековтің лирикалық ойыны арқылы көрінгеніне тоқталады. Сондай-ақ, мұнда жас ұжымның аударма шығармаларды қоюдағы батыл қадамы кеңінен сөз болады. Соның ішінде Н.Птушкинаның жалғыздықты баяндайтын «Күтпеген махаббат» комедиялық мелодрамасында ойын көрсеткен Қ.Мырзалинова, А.Бисенбина және М.Өмірәлиевтің сахналық серіктесін түсініп ойнау үрдісі сараланған. Роль орындаушылардың өз кейіпкерлерінің әлеуметтік орнын, әрқайсысының өзіне тән мінез-құлқын шығарманың идеясына қарай бағыттап отырудағы ойынына баға берген. Және «Келіндер көтерілісі» комедиясындағы Фармон бибінің отбасындағы моральдық тартыстар, Ф.Эрвенің «Мадемуазель Нитуш» опереттасындағы әзіл-қалжың, өзара жарасымдылық немесе түсініспеушілік қақтығыстары мақалада жан-жақты айтылады. Қазақ сахналарына көп қойылатын «Ана – Жер ана» спектаклінің жаңа формасы мен Д.Жұмабаеваның өзгеше шешімі де авторлардың назарынан тыс қалмаған.