ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІ ЫНТАЛАНДЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ: САЛЫҚ САЯСАТЫ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.55871/2072-9847-2023-59-2-11-18
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Тұрақты экономикалық жағдайдың қалыптасуы көбінесе елдегі кәсіпкерліктің даму қарқынына байланысты. Қазақстанда кәсіпкерлік қызметпен айналысу үшін неғұрлым перспективалы салалардың бірі туризм саласы болып табылады. Туристік бизнес бүкіл әлем бойынша экономиканың ең ірі және ең жылдам дамып келе жатқан секторларының бірі болып табылады. Туризм көптеген елдер экономикасының жетекші салаларының бірі болып табылады. Олардың ішінде Түркия, Греция, Египет, Испания, Франция, Үндістан, Малайзия, Таиланд, БАӘ және т.б. Осы елдердегі мемлекеттік қолдау есебінен туристік саланы дамытудың оң тәжірибесін біздің елімізде де қолдануға болады. Туризм индустриясына елдің және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыруда: мемлекеттік бюджетті толықтыру, ЖІӨ-нің өсуі, жаңа жұмыс орындарын құру, жұмыссыздық деңгейін төмендету, тарих пен мәдениетті сақтау, дәстүрлі қолөнерді жандандыру және т. б. маңызды рөл беріледі. Алайда, елге туристік келу саны әлі де дамудың төмен қарқынымен сипатталады. Мұндай көрсеткіштердің себептері әлі де бар: туристік инфрақұрылымның дамымауы және қызмет көрсету сапасының төмендігі. Бұл проблемалар қолайлы экономикалық жағдайларды қалыптастыру арқылы туристік сала кәсіпкерлерінің қызметін ынталандыру мәселелерін қарастыру қажеттілігін анықтады. Зерттеудің мақсаты қаржы құралдары арқылы кәсіпкерлік қызметті ынталандыру жөніндегі шетелдік тәжірибені зерделеу және оларды отандық жағдайларда бейімдеу болып табылады. Зерттеу теориялық талдау және синтездеу, салыстыру, жалпылау және шетелдік тәжірибені зерттеу әдістеріне негізделген. Зерттеу қорытындысы бойынша туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бойынша бірқатар экономикалық шаралар ұсынылды.