КҮРІШ ӨНДІРУ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37884/2-2023/39
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Күріштің ауыспалы егісінде арамшөп қабатын өңдеудің оңтайлы технологиясын сақтау топырақтың құнарлылығын қалпына келтіреді және күріштен жоғары өнім алуға ықпал етеді. Тәжірибе көрсеткендей, егістікті чизельді культиватормен өңдеу уақыты егін түсімділігіне әсер етеді. Чизельді культиваторының ауыстырылатын табандарының жинап салуы агротехникалық талаптарға сәйкес жасалынды. Чизельді культиватордың қайырмалы-қопсытқыш табандарының параметрлерін негіздеу үшін тәжірибе зерттеулері жүргізілді. Зерттеулер культиватор табандарының жұмысы кезінде топырақты қопсыту жолағының ені жұмыс мүшелерінің әсерінен жер бетіндегі топырақ деформациясының таралу жолағының еніне сәйкес келетінін көрсетті және топырақтың бетін қопсыту енін анықтау үшін келесі келтірілген формуланы пайдаланамыз: Ап = 2a+ b. Топырақтың қопсу дәрежесі чизельді культиваторы табанының технологиялық және құрылымдық параметрлеріне тәуелді. Егер табанның топырақ бетінен көтерілу биіктігі 195 мм-ден аз болса, онда табан, топырақтың қопсытылған бөлігін көтеріп, технологиялық процесті аяқтамайды. Топырақ оның бетінен мерзімінен бұрын ығысып шығады, бұл оның шөгу және араласу сапасының төмендеуіне әкеледі. Топырақты өңдеу технолиясын жетілдіру мақсатында жаңа пішіндегі чизельді культиватор ұсынылды және жаңа пішіндегі ұсынылған табанының пішінін және жұмыстық параметрлері негізделді. Ұсынылған жаңа пішіндегі чизельді культиватор агротехникалық талаптарға сәйкес негізгі технологиялық үдерістерді орындауға бейімделген. Жаңа пішіндегі чизель культиватордың ерекшелігі өсімдіктердің тамырын босатып оның тамырлануына, қатайуына және жақсы өсуіне ықпал жасайды. Негізгі нәтижесі күріштің өсімділін 15...20 пайызға артырады.