Ақпараттық технологияларды басқарудағы ішкі аудиттің рөлі

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023ec2/155-163
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақсаты: Зерттеудің мақсаты ― ақпараттық технологияларды басқарудағы ішкі аудиттің рөлін зерттеу. Ол сондай-ақ ақпараттық технологиялардың ішкі аудитіне әсер ететін қазіргі заманғы факторларды, ішкі аудит мүмкіндіктерін құру және қолдаудың негіздемесін зерттейді және ішкі аудит бағдарламаларының құрылымдық және операциялық ерекшеліктерін сипаттау арқылы ұйымдардың жақсы басқарылатын ішкі аудит бағдарламаларынан күтетін кейбір әлеуетті артықшылықтарын сипаттайды. Мақалада ішкі аудит қызметінің ұйымдық құрылымдағы типтік орналасуы және оның басқару органдарымен байланысы қарастырылған. Ол сондай-ақ ішкі аудиторлардың кейбір сипаттамаларын және аудиторларға өз жұмысын тиімді орындау үшін қажетті дағдылар мен тәжірибені сипаттайды. Әдісі: Зерттеуде индукция, дедукция, жалпылау, топтау, жіктеу, салыстырмалы талдау және негіздеу, статистикалық талдау, сонымен қатар корреляциялық және дисперсиялық талдау сияқты ғылыми әдістер қолданылды. Қорытынды: Тиімді ішкі аудит бағдарламасын сақтау сонымен қатар ұйымдарға өздерінің ішкі бақылау жүйелерінің жұмыс істеуі мен сақталуына қатысты құзыретті және еңбекқор әрекет ететінін көрсете отырып, тиісті тексеру принципіне адалдығын көрсетуге көмектеседі. Тиісті тексерудің дәлелдерін ұсыну инвесторлар мен іскери серіктестер үшін маңызды ақпарат береді, сонымен қатар жауапкершілік немесе іскерлік тәжірибеге байланысты дауларда құқықтық қорғауды қамтамасыз ете алады. Тұжырымдама: Алынған зерттеу нәтижелері бойынша, еңбек өнімділігінің артуы тікелей халықтың цифрлануына байланысты. Сол себепті, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдарда халықтын ақпараттық менеджменттің дамуына, яғни өз құрылымдарында ақпараттық технологияларға жауапты тұлғаларды белгілеу арқылы және тиісті ішкі аудит жүргізу арқылы белгілі бір нәтиже аламыз.