Физика пәнінің практикалық (зертханалық) сабақтарында 5 Е оқыту моделін қолдану жолдары

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59941/2960-0642-2023-2-72-81
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Физиканы оқытудағы практикалық (зертханалық) жұмыстың мақсаты – оқушыларға бақылау және зерттеу дағдылары мен әдістерін үйрету, проблемаларды шешу дағдылары мен физика пәніне қызығушылығын дамыту болып табылады. Практикалық (зертханалық) жұмысты оқушыларға жасату барысында мұғалімдер дәстүрлі оқыту әдістерінен ауысып, оқушыларды ақпаратты өз бетінше іздеуге, зерттеуге бағыттайды. Осыған сүйене отырып, зерттеудің мақсаты физика пәнінің практикалық сабақтарында 5Е оқыту моделіне сәйкес әзірленген материалдардың оқушылардың меңгеруіне әсерін зерттеу болып табылады.