Аңдатпа
Мақалада экзистенция коммуникациясы негізінде ішкі қарама-қайшылықтарды шешу тәсілі көтеріледі. Бүгінде жеткіншек жастағы оқушылардың арасында агрессия, невроз, өз-өзіне қол жұмсау, құмар ойындарға әуестіктің артуы, отбасынан алшақтау сияқты фактілердің жиі кездесетіндігіне тоқталады. Авторлар оқушыларда кездесетін агрессия, мазасыздық, депрессия, буллингтің туындауын ішкі қарама-қайлықтардың салдары деп қарастырады. Және оны осы бағытта зерттеулер жүргізіп жүрген заманауи ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп дәлелдейді. Сонымен қатар экзистенция коммуникациясы негізінде құрылған арнайы тренингтерді ішкі қарама-қайшылықтарды шешу мақсатында пайдаланып, жеткіншектердің мазасыздық деңгейін төмендету және эмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіру бағытында жұмыстар жүргізген. Кейбір қатысушыларға өздері орындаған тренингтер мен көрген бейнефильмдер қолдау ресурстары ретінде өзіне деген сенімділік сезімін бекітіп, стресс факторларына психологиялық тұрақтылығын арттырғандығы баяндалады.