ҚАЗАҚСТАН ІШКІ ТАСЫМАЛДАУ ТІЗБЕГІН УНИМОДАЛЬДЫ ӘДІСПЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТИІМДІЛІКТЕРІ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Hybrid Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2023-125-2-79-87
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттері Қазақстан аумағында заманауи көліктік-логистикалық жүйені құру, елде жоғары және тиімді көлік қатынасын қамтамасыз ету, республика аумағынан жүк ағынын ұлғайту және жер үсті, теңіз және әуе көлігінің барлық түрлерінің жұмысын үйлестіру болып табылады. Бұл ғылыми мақалада тақырыптың мәселелерін толық талдау, заңдылықтарды анықтау және процестің жалпы сипаттамаларымен, деректердің үлкен көлемін зерттеуге мүмкіндік беретін статистикалық әдіс қолданылды. Өңірлердің экономикалық көрсеткіштері жақсарған сайын жергілікті кәсіпкерлерге көлік кәсіпорындарын ұйымдастырулары үшін олардың экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуші негізгі факторларды анықтау қажеттілігі туындайды. Жариялымда келтірілген зерттеулердің негізінде - тасымалдау уақыты 94,62-ден 65,62 сағатқа дейін қысқарды, бұл клиенттер үшін тиімді және осылайша сатып алушылар санын көбейтеді, сондықтан «унимодальды» тасымалдау тәсілі бойынша Қазақстанның қалаішілік және өңірлік автомобиль жүк тізбегін ұйымдастыру ұсынылады.