Аңдатпа
Екінші, үшінші және төртінші буын жүйелерінде жұмыс істеу мүмкіндігін қоспағанда, қазіргі заманғы бесінші буын байланыс жүйелері үшін стронций гексафериті SrFe12O19 ұштастыра отырып, фторланған этилен-пропилен негізіндегі материалда іске асырылған мобильді антеннаны қолдану мүмкіндігі көрсетілген. 5G технологияларында антенна құрылғыларын іске асыруда композиттік материалдарды қолданудың артықшылықтары көрсетілген. Ұсынылған антеннада мобильді құрылғыны пайдаланудың табиғи жағдайларының кең ауқымында жұмыс істеген кезде оны бұзатын әсерлер жағдайында қабылдау-беру модулімен кең жолақты келісу жүргізілді.