Аңдатпа
Өкпенің созылмалы аурулары бүкіл әлемде алдын алуға болатын ауру мен өлімнің маңызды себебі болып табылады. Бронх демікпесі мен өкпенің созылмалы обструктивті аурулары үшін медбикелер пациентке алғашқы, екінші және үшінші деңгейлерінде көрсетілетін көмектің көпшілігін қамтамасыз етеді, бұл емдеу бағдарламаларында маңызды рөл атқарады. Мақалада өкпенің созылмалы обструктивті ауруын алдын алу және басқару стратегиялары келтірілген. Науқастарды өзін өзі басқаруға оқыту, ӨСОА өршуіне арналған іс-шаралар жоспарын тұрақты қолдану стационарлық көмекті пайдалануды азайтады және ӨСОА өршуін алдын алудың тиімділігін арттырады. Осы шолу нәтижелері бойынша нақты іс-шаралар жоспарын мейірбикенің бақылауында жүргізу еліміздегі халыққа пульмонологиялық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.