Аңдатпа
Мақала авторлары медициналық-әлеуметтік алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдарда медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін бағалау нәтижелерін көрсетеді. Қазіргі уақытта медициналық ұйымдардың қызметін жедел және стратегиялық басқару шешімдерін әзірлеудің дәлелді базасы ретінде барабар талдауға және бағалауға, дамуды болжауға мүмкіндік беретін осындай сауалнама нәтижелері МӘМС жағдайындағы алғашқы медико-санитарлық көмекке науқастардың шын көзқарастарын көрсетеді. Мақсаты: міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі негізінде алғашқы медициналықсанитарлық көмектің сапасы мен қолжетімділігін бағалау. Mатериалдары мен әдістері: Зерттеуге кездейсоқ әдіспен Алматы қаласының емханаларына медициналық көмекке жүгінген 18-74 жас аралығындағы науқастар қатысты. Зерттеу дизайны – көлденең зерттеу. Зерттеу әдістері: әлеуметтік, статистикалық. Статистикалық критерийлерді таңдау талданатын айнымалылардың типіне байланысты болады. Зерттеу нәтижесі: Сауалнамаға 18 пен 74 жас аралығындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекке жүгінген 561 науқас қатысты, олардың 153-і (72,7%) әйелдер мен 403-і (27,2%) ерлер. Біздің зерттеу мәліметтері бойынша, емханаға өз таңдау еркімен тіркелген тұрғындардың басым бөлігі жалпы тәжірибелі дәрігерлер қызметіне көңілі толатынын және өз денсаулықтарын сеніп тапсыратынын байқаймыз. Қорытынды: Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін және халық тіркелген медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсету сапасы мен қолжетімділігіне тәуелсіз бағалау жүргізу медициналық ұйымдар қызметінің нәтижелілігін айқындауға және оның қызметін оңтайландыру және тиімділігін арттыру жөнінде уақтылы шаралар қабылдауға негіз болары сөзсіз. Бұл денсаулық сақтау саласында қызметтер көрсету сапасына әсер ететін жағымсыз факторларды уақытылы анықтауға және олардың себептерін жоюға ықпал етеді.