МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ПСИХИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭМОЦИАНАЛДЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАР БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕНІ ЗЕРТТЕУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2023.69.39.029
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Жұмысқа байланысты көптеген факторлар медицина қызметкерлерінің кәсібилігіне, көмек көрсету сапасына, тиімділігіне және жалпы өмір сапасына теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан денсаулық сақтау мамандарының психикалық денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау үшін осы жұмысқа байланысты қауіп факторларын анықтау және азайту өте маңызды. Бұл мақалада денсаулық сақтау мамандары арасында профилактикалық іс-шараларды қолдану бойынша халықаралық тәжірибені зерттеу жүргізілді. Зерттеу Cochrane, e-Library, PubMed, Scopus, Web of Science, Google Scholar, Cyberleninka, оның ішінде нормативтік-құқықтық база дерекқорлары бойынша әдеби дереккөздерге терең талдау жүргізе отырып орындалды. Зерттеу тереңдігі 2012 жылдан бастап, 2022 жылға дейінгі аралықты қамтыды. Зерттеулер көрсеткендей денсаулық сақтау саласындағы жұмысқа байланысты стресс — депрессияға, жұмысқа қанағаттанудың төмендеуіне, психологиялық күйзеліске және жеке қарым-қатынастың бұзылуына әкелуі мүмкін екенін дәлелдеді. Бұл стресс нәтижелері пациентке зиян келтіру қаупінің сценарийлерін тудыратын факторлар болып табылады. Дәрігерлердің салауатты өмір салты пациенттердің көзқарасына және олардың өмір салтын өзгертуге деген мотивациясына әсер ететіні анықталды. Осылайша, медицина қызметкерлерінің өмір салты үлгілері, сондай-ақ осы үлгілердің мотивациясын түсіну қоғамдық денсаулыққа тікелей әсер етуі ықтимал.