Аңдатпа
COVID-19 пандемиясы инфекциядан өлу қаупін ғана емес, сонымен бірге психологиялық қысымды да тудырды. Инфекцияның таралуын тоқтату мақсатындағы карантиндік шаралар халықтың психикалық денсаулығына, әсіресе, студенттерге әсері алаңдаушылық туғызады. Студенттер арасында депрессия, қорқыныш, ашуланшақтық, суицидтік ойлар жиі таралуын байқалды. Мақсаты. COVID-19 пандемиясының студенттерінің психикалық денсаулығына әсерін зерттеу. Әдістері. Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізін отандық және шетелдік ғылыми мақалалар құрады. PubMed, Scopus дерек базаларынан “COVID-19”, “students”, “mental health”, “anxiety”, “depression” кілт сөздерін қолдану арқылы жүргізілді. Зерттеу ауқымы 2020 жылдың қыркүйек айынын 2022 жылдың қыркүйек айына дейінгі мақалаларды қамтыды. Нәтижелері және қорытынды. COVID-19 пандемиясы студенттерге теріс психологиялық әсер етті. Психикалық бұзылулардың дамуына әсер ететін факторлар жынысы, жасы, білім деңгейі, жақын адамдарға қолдау көрсету болды. Зерттеу нәтижелері халықтың осал тобы болып табылатын университет студенттері арасында психикалық бұзылыстардың алдын алу, қажетті іс-шаралар жүргізу және диагностикалау/емдеу стратегияларын жүзеге асырудың маңыздылығын көрсетеді.