Author and Identity concepts in the novels of Q. Zhienbay

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v190.i2.ph16
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Қ. ЖИЕНБАЙ РОМАНДАРЫНДАҒЫ АВТОР ЖӘНЕ ТҰЛҒА КОНЦЕПЦИЯСЫ Мақалада халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы Қ. Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің тұтқыны», «Ән салуға әлі ерте», «Жер үстінде де жұмақ бар» романдарындағы автор және тұлға концепциясы мәселелері қарастырылады.Жазушы шығармашылығы туралы осы уақытқа дейін әдеби-сын мақалалар жазылғанмен, автор және тұлға концепциясы тұрғысынан арнайы зерттеу жұмысы жазылған жоқ.Автор романдарының өзекті тақырыбы қазіргі уақыттағы Арал экологиялық апат аймағы мен Байқоңыр ғарыш айлағының қазақ жеріне тигізіп жатқан зардаптары, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік мәселелері туралы болып келеді.Өңірде бүкіл түркі әлеміне ортақ тұлға Қорқыт баба кесенесі бар.Жазушы осы қарама-қайшылықты романдарында пайдаланып, қазіргі қоғамның өткір мәселелерін көркемдік тұрғыдан жинақтап, адам мәселесімен бірлікте суреттейді.Автор туындыда доминанттық қызмет атқарғанмен, тікелей көрінбейді.Алайда, үш романның тақырыптық жағынан жақын болуы жазушы концепциясын анықтайды.Қоғамның өзгерісі мен жаңаруы адам құндылықтары мен психологиясына жаңалықтар әкелген.Тұлға концепциясы бұрынғы кеңестік кезең шығармаларында жағымды-жағымсыз деп бөлінбейді.Қазіргі қазақ прозасындағы тұлға концепциясы -адамды жақсы-кемшілік мінездермен қатар бейнелеу принципіне бағытталған.Қ. Жиенбай қаһармандары -заманға бейімделген жаңашыл тұлғалар.Олар ХХ ғасырдың 90-жылдарындағыдай елден көшуді мақсат етпейді.Туған елдің көкейкесті мәселелерін жан-жүректерінен өткізе отырып, қызмет жасауды мақсат етеді.Ұлттық, рухани құндылықтарға көңіл аударады.Көркем мәтін филологиялық тұрғыдан талданып, жинақтау, қорыту, салыстыру жұмыстары жүргізілді.Тұлғалардың көркемдік концепциясына маңыз берілді.Талдау мазмұнының осыған бағытталуы зерттеу жұмысының құндылығы саналады.