Conflicting speech acts in a communicative situation

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v190.i2.ph11
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

КОММУНИКАТИВТІ ЖАҒДАЯТТАҒЫ ҚАҚТЫҒЫСТЫ СӨЙЛЕУ АКТІЛЕРІБүгінгі күні масс-медиа құралдарында -ғаламтор сайттарында, әлеуметтік желілерде (Facebook, You Tube), WhatsApp жеке чаттарында ауызша және жазбаша формаларда таратылған жазбалар мен жарияланымдар тараптар арасында қақтығыстардың туындауына түрткі болатын кездері аз емес.Бұл тілдің қақтығысты коммуникативтік жағдаяттың факторы болу мүмкіндігін және қақтығысты жағдаяттың құралы ретіндегі қызметін зерттеудің өзектілігін танытады.Және аталған мәселенің шешімі қазіргі қазақстандық ғылым кеңістігіндегі салыстырмалы түрде жас сала -тілдік қақтығыстанудың (лингвоконфликтология) теориялық және әдістемелік жағынан дамуын қажет етеді.Осыған байланысты мақалада қақтығысты коммуникативтік жағдаяттың лингвистикалық факторлары, коммуникативтік жағдаяттағы қақтығысты сөйлеу актілері, қақтығысты жағдаяттағы сөйлеу стратегиялары мен тактикалары ұғымдары нақты мысалдар негізінде қарастырылады.Адресатқа деструктивті (жағымсыз) ықпал етуге бағытталған сөйлеу болып табылатын тілдік агрессия, тілдік зомбылық, қорлау сөйлеу актілеріне тән лингвистикалық белгілер мен олардың өзара айырмашылықтарын анықтау мақсаты көзделеді.Ғаламтордан, жеке өмірлік жағдайлардан алынған коммуникативтік жағдаят материалдарындағы сөйлеу актілерін талдау нәтижесінде тілдің қақтығыс құралы ретіндегі қызметі талданылады.Тұрмыстық т.б.