Expressive stylistics: paradigms of alliteration and assonance

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph.2023.v190.i2.ph09
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

ЭКСПРЕССИВТІК СТИЛИСТИКА: АЛЛИТЕРАЦИЯ ЖӘНЕ АССОНАНС ПАРАДИГМАЛАРЫМақаланың зерттеу тақырыбы қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі кластерлік тұрғыдан дамып, сан түрлі коммуникативтік қажеттілікті өтеуі, негізінен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің қасиет-сапаға ие болу ерекшеліктерімен тығыз байланысты.Қоғамда тіл айрықша маңызды рөл атқаратындықтан, адамның көңіл-күй толғанысын, сезімін жеткізудің басты құралына айналған.Себебі тіл адамнан тыс тұрған жеке құбылыс емес, адаммен бірліктегі бірінбірі анықтайтын күрделі құрылым болып табылады.Мақаланың мақсаты қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының ұлттық танымдарға бейімделген ақыл-ой өрісінің пайымдаулармен тоғыстырылуындағы функционалдық, құрылымдық трансформациалануы, куммулятивтік, концептуалдық мәнін анықтау.Зерттеу барысында философияның танымдық теориясы мен диалектикалық логика, психолинвистикадағы тіл мен сөйлеуді сабақтастыратын теориялық тұжырымдар басшылыққа алынды.Жұмыстың ғылыми-практикалық маңыздылығы тіл тарихи категория ретінде үнемі даму процесінде болып, эмоцияны сыртқа шығарып, шынайы мүмкіндігін жүзеге асыруы болып табылады.Сөйлеу парадигмасында сөз әр қырынан ашылып, эмоцияны жеткізудегі экспрессивтік қызметпен ұштасады.Сондықтан, аталған мәселені зерттеу барысында экспрессивтік стилистика саласын зерттеген әлемдік және отандық ғалымдардың еңбектері негізге алынды.Мақаланың мақсат-міндеттерін жүзеге асыруда ғылыми пайымдаулар, диахронды, тарихи, салыстырмалы, синхронды, салыстыру, сипаттау, талдау, модельдеу әдістері қолданылды.Тілдегі экспрессивтік әлеует ұлттық төлтума қасиет-сапалар ұрпақ жалғастығымен дамытылатыны зерттеліп келеді.Қазақ тілінің экспресситік стилистикалық мәселелерін тереңнен зерттеу ұлт болмысының мазмұнын ашуды міндеттейді.Мақала нәтижесінде экспрессивтік стилистиканың мазмұны, ұғымдары жүйеленіп, қазақ тілінің дыбыстық және лексикалық бірліктерінің экспрессивтік стилистикалық қызметі, сипаты нақты тілдік деректер арқылы талданып, мысалдар арқылы дәйектелеі.Аллитерация және ассонанстың дыбыстық қайталауларға негізделіп, стилистикалық мәнерлікті күшейтудің айрықша амалы ретінде клишеге түсірілген синтаксистік құрылымдарда, мақал-мәтелдерде, күнделікті тұрмыстық қарым-қатынаста кеңінен қолданылатыны талданды.