Еділ-Жайық популяциясы киіктерінің соңғы 40 жылдағы санының динамикасы және оған әсер етуші факторлар

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.31489/2023bmg2/28-37
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада тарихи мәліметтердің, әдеби көздердің және авторлардың жеке зерттеулерінің негізінде киіктердің Еділ-Жайық популяциясын жалпы Қазақстан Республикасындағы басқа да киік популяцияларымен салыстыра отырып, территорияларды шаруашылық игерумен байланысты соңғы 40 жыл-дағы киік санының динамикасына талдау жасалып, олардың санына әсер ететін антропогендік, биоти-калық, генетикалық, экологиялық факторлардың сипаты қарастырылған. Осы қарастырылып отырған уақыт аралығында киіктер популяциясы бірнеше рет эпизотиялардың салдарынан жаппай қырылуға ұшыраса, XX ғасырдың 90 жылдарының ортасынан бастап 2000 жылдардың ортасына дейін саны күрт азайып, қауіпті деңгейге дейін төмендеді және бұл құбылыс Қазақстандағы киіктердің үш популяци-ясына да тән болды. Киік жойылып кету қаупі бар жануарға айналды. Халықаралық, республикалық табиғат қорғау ұйымдарының дабыл қағуы, республика үкіметінің киіктерді қорғауға бағытталған шараларды қолға алуының арқасында соңғы жылдары киік саны біршама артты, әсіресе Еділ-Жайық популяциясы қалпына келді. 2000 жылдардағы киік санының күрт төмендеуіне рұқсатсыз аң аулаудың, пастереллез эпизотияларының тигізген әсері талданды. Соңғы бір-екі жылдағы Еділ-Жайық популяциясы саны артуының салдарынан киіктердің ауылшаруашылығымен күшті бәсекелестікке түсіп отырғаны және жайылымдарда үй жануарларымен (малмен) араласуы олардың бір-біріне түрлі ауруларды тарату мүмкіндігін тудыратыны қарастырылған. XX ғасырдың 60-90 жылдары аралығында киіктерді кәсіптік аулау жүргізіліп, санын реттеп отырған кезде Қазақстандағы киіктердің үш популяциясының да саны ұзақ жылдар бойы тұрақты болып келді. Еділ-Жайық популяциясы киіктерінің санының артуы олардың популяциясын реттеп отырудың қажет екенін көрсетіп отыр.