Fire symbolism in the traditional rituals of Kazakh people

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh.2023.v109.i2.016
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада «от» тұрмыстық маңызына ие ғана емес, сонымен қатар маңызды әлеуметтік-мәдени құбылыс ретінде зерттелген. Ежелгі заманнан бері от табиғи құбылыс ретінде қабылданғанымен, дәстүрлі қоғамда оттың рөлі маңызды болды. Бұл мақаланың мақсаты қазақ халқының өмірлік циклінің рәсімдерінде, мысалы, бала туу мен балалық шақ әдет-ғұрыптарында, үйлену тойы, жерлеу рәсімдерінде оттың символдық мағынасын аңықтау. Зерттеу барысында жалпы ғылыми және арнайы әдістер қолданылды. Жалпы ғылыми әдістерге сипаттама, талдау жатады; арнайы әдістердің арасында тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы және тарихи-типологиялық әдістері қолданылды. Бұл зерттеудің жаңашылдығы қазақ халқының дәстүрлі рәсімдері туралы материалдар басқа түркі және моңғол халықтарының аналогтары негізінде қаралғанында болып табылады. Зерттеу нәтижелері келесі тұжырымдарды қамтыды: 1) қазақ халқының дәстүрлі рәсімдеріндегі «от», ер адамның символы ретінде қабылданған моңғол халықтарының мәліметтерімен салыстырғанда, әйел кейпін бейнеледі; 2) оттың жасампаздық, деструктивті және апотропты функциялары болды (әр функция өмірлік циклдің белгілі бір рәсімінде көрінісін тапты); 3) от құбылысы бинарлық оппозицияның бөлігі ретінде зерттелгенде (К. Леви-Стросс теориясы бойынша), от «өлім мен туудың» өзара сәйкестілігін бейнелейтіні анықталды.