ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ТҰЛҒА ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/uvpp5982
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Берілген мақалада құзыреттілік көзқарас тұрғысынан функционалдық сауаттылықты қалыптастырумен байланысты мәселелердің негізгі ауқымы, сондай-ақ білім алушылардың дамуын қамтамасыз ететін білім беру құзыреттіліктерінің маңыздылығын анықтаудағы ұстанымдары қарастырылған. Жалпы кез келген елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының білім сапасына байланысты. Функционалдық сауаттылық немесе ел азаматтарының функционалдық құзыреттілігі оның жан-жақты дамуына кепілдік бере алады. Күнделікті білім алуда, жүйелі түрде ғана сауатты алынған жаңа үрдістерді қолдана отырып қана нақты нәтижеге жетуге болады. Білім функционалдық құзыреттілігі оқу-тәжірибелік іс-әрекет процесінде жүйелі түрде қалыптасуы керек. Бұл жағдайда білім алушылар кәсіби міндеттерді шешуде сауатты әрекет ету қабілеті болу керек. Педагогикалық оқыту шеңберінде болашақ мұғалімнің де атқаратын рөлі зор, оның функционалдық сауаттылығы оқу іс-әрекетінде туындайтын мәселелерді көре білуде, оларды шешудің әдіс-тәсілдерін, өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын меңгеруде, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану мен сауатты шешім қабылдауда маңызды. Сондықтан бұл жұмыс қандай да бір ғылым саласы болмасын, білім алушылардың биология пәнінен ғылыми- педагогикалық тұрғыдан функционалды құзыреттілігін шыңдауда, алған білімін оқыту саласында белгілі бір мәселелерді шешуге пайдалана білуді меңгереді.