АҒЫЛШЫН ТІЛІ МАМАНДАРЫНЫҢ ЛИНГВОКУЛЬТУРОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА VOA LEARNING ENGLISH КӨМЕГІМЕН ЭКСТЕНСИВТІ ТЫҢДАЛЫМ ДАҒДЫСЫН ДАМЫТУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/tbya2180
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада шеттілдік білім беру жүйесіндегі ағылшын тілі мамандарының экстентенсивті тыңдау дағдысының лингвокультурологиялық құзыретін дамытуда, әсіресе педагог мамандардың тілді меңгеру деңгейі жеткіліксіз болуы айқындалады. Педагог мамандардың біліктілігін арттыруда түрлі қосымша тыңдалым дағдысын қалыптастыру маңызды орын атқарады. Бұл зерттеу VOA Learning English веб-сайты агылшын тілі мамандарына қосымша тыңдау дағдысын дамытуға бағытталғанын көрсетеді,сонымен қатар ағылшын тілі педагог мамандардың кәсіби және жеке дамуына оңтайлы болғанын анықталды. Деректер саралау барысында, сауалнамалар мен ағылшын тілі мамандарының оқу тәжірибесін және олардың веб-сайтты пайдалану туралы көзқарастарын зерттеуге бағытталған Google. doc тыңдау журналындағы апта сайынғы жазбалары арқылы жинақталды. Бұл зерттеуге 15 апта барысында 70 ағылшын тілі мамандары белсене қатысты. Нәтижелер педагог мамандардың оқу тәжірибесіне қанағаттанғанын көрсетті, өйткені олар өздеріне сәйкес келетін тыңдалым мәтіндерімен және олардың тілдік деңгейі мен қызығушылықтарына сәйкес келетін материалдарды таңдау мүмкіндігіне ие болды. Ағылшын тілі мамандары мұқият экстенсивті тыңдаудан кейін тағайындалған апта сайынғы журналды жүргізуді ұнатпаса да, VOA Learning English-те оқу олардың сөздік қорын байыту және әлем туралы білімдерін кеңейту үшін ыңғайлы және пайдалы екенін анықтады.