ОРГАНИКАЛЫҚ ҚЫШҚЫЛДАРДЫҢ ТҰТҚЫРЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІНЕ ТЕМПЕРАТУРАНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

2022

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.48081/ufns3807
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Бұл ғылыми мақалада тағам өнімдерінде жиі қолданылатын сірке суының және жүзім қышқылының динамикалық, кинематикалық тұтқырлық коэффициенттерінің атмосфералық қысымда температураға тәуелділіктері тәжірибелік өлшеулер мен физикалық заңдылықтарды, формулаларды қолдану арқылы зерттеліп анықталған. Ғылыми жұмыста тәжірибе жүзінде алынған зерттеулердің нәтижелерімен сұйық орталардың тұтқырлықтарына сыртқы параметрлердің әсерлерін анықтау, тұтқыр ағынның гидродинамикасын сыртқы параметрлерді өзгерту арқылы басқаруға және оларды тасымалдаудағы технологиялық үдерістерге қолдануға мүмкіндік туғызады. Органикалық қышқылдардың тұтқырлығына температураның әсері анықталды. (300–400)К температура аралығында әр түрлі арналармен аққандағы тұтқыр ортаның үйкеліс және гидродинамикалық кедергілер зерттелді. Тәжірибелік өлшеулер сұйықтардың тұтқырлық коэффициентін анықтайтын классикалық Стокс әдісіне негізделген. Атмосфералық қысымда сұйықтарда Жердің гравитациялық өрісінің әсерінен құлайтын қорғасын шардың жылдамдығы мен үлгінің температурасының өзгерістері автоматты түрде өлшейтін қондырғыда іске асырылды. Мақалада алғаш рет жинастырылған қондырғының құрылымы келтірілген және органикалық қышқылдардың қалыпты қысымдағы динамикалық және кинематикалық тұтқырлық коэффициенттерінің температураға тәуелділіктерінің графиктері тұрғызылып, алынған нәтижелерге теориялық тұрғыдан түсініктемелер берілген. Сонымен қатар ғылыми-зерттеу жұмысында мыс-константан терможұбы арқылы үлгілердің әрбір 10оК сайын температураны өлшеу кернеулік және температура координатасын қолданып анықтау әдісі көрсетілген.