Bulletin WKU

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.37238/1680-0761.2022.88(4).146
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ФИТОТОПОНИМДЕР ЛАНДШАФТ ДЕГРАДАЦИЯСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ РЕТІНДЕ Аңдатпа.Мақалада Ақтөбе облысының өсімдіктер дүниесінің таралу зонасы, олардың топоним жасаудағы белсенділігі, сирек кездесетін өсімдіктер дүниесіне байланысты аталған топонимдердің ландшафт өзгерісін анықтауда жəне қалпына келтіруде пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.Ақтөбе облысы аумағында топоним жасау белсенділігі жоғары өсімдік түрлері мен шаған, тораңғы, қарағай, арша, қызылқайың өсімдіктері сияқты сирек кездесетін түрлерімен байланысты атаулар кесте жүзінде көрсетілді.Ши, қамыс, көкпек өсімдіктерімен байланысты фитотопонимдердің ландшафттық индикацияда пайдалану ерекшеліктері қарастырылды.Кілт сөздер: фитотопонимдер; ландшафттық индикация; ландшафт өзгерісі; сирек кездесетін өсімдіктер; Ақтөбе облысы.Кіріспе Қазақстанның жекелеген аймақтары бойынша байырғы ландшафт тұрпаттарын жəне өзгерістерін анықтау бағытындағы зерттеулерде басқа əдіс-тəсілдермен қатар, топонимикалық əдісті пайдаланудың да маңызы зор.Байырғы ландшафт тұрпаттарын қалпына келтіруде, белгілі бір аумақтардың шаруашылықта пайдаланылу ерекшеліктері мен үрдістерін анықтауда, жергілікті халық пен табиғи орта арасындағы өткен кезеңдердегі байланыс белгілерін анықтауда географиялық атаулардағы сақталған топонимикалық мəліметтердің пайдаланылу мүмкіндігі зор.Бұрынғы ландшафт тұрпаттарының ерекшеліктері туралы ақпараттар ең алдымен өсімдік атауларымен жасалған топонимдерде айқын көрініс табады.Ландшафттардың өсімдіктер жамылғысын ландшафт компоненттері арасындағы тез өзгеріске ұшырайтын бөлігі ретінде қарастыра аламыз.Олардың белсенділігімен жасалған фитотопонимдерді ландшафттың өсімдіктер дүниесі индикаторы ретінде пайдаланылады.ХХІ ғасырда шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде ландшафттық топонимикалық бағыттағы еңбектер кеңінен таралған.Олардың арасында Б о и л л а т С ., С е р р а н о Е .[1], Фагундес Дж., Изко Дж. [2] сынды ғалымдар топонимикалық ақпараттарды ландшафттардың дамуы мен өзгеруін анықтауда, Конедера М., Вассере С., Нефф С. [3] байырғы ландшафттарды қалпына келтіруде терминдерді пайдалану бойынша ғылыми зерттеулер жүргізілген.Словения республикасының аумағы бойынша жерді пайдаланудағы ландшафттардағы өзгерістерді Пенко Н.С.егістік атауларының шоғырлану ерекшеліктерімен көрсетті [4].Сол сияқты Испандық ғалымдар Фагундес Дж., Изко Дж.Испанияның солтүстік-батыс бөлігінің тарихи ландшафттарын зерттеуде жəне оларды қалпына келтіруде фитотопонимдерде жинақталған ақпараттарды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырды.Бұрынғы ландшафттар түрлері мен өсімдік түрлерінің белгілі бір географиялық жағдайлар мен антропогенез ықпалымен жойылуын анықтап, оларды қалпына келтіруде топонимикалық дəлелдемелерді келтірді [5].