Аңдатпа
Бұл зерттелген жұмыста Шығанақ кен орнында барит қосылыстарын өңдеу кезінде 2 миллион тоннаға жуық қалдық жинақталғаны анықталған. Қатты шикізаттан туындаған экологиялық және экономикалық мәселелерді шешу үшін оларды өңдеудің әдістері қарастырылды. Осы жинақталған қалдықты өңдеу арқылы қатты ерітінділердің (бетон) алу жолы қарастырылды. Бұл алынған үлгілердің құрамы рентгендік дифрактометриялық талдау арқылы барит қосылыстарының сандық және фазалық құрамы зерттелді және баритті рудамен барий сульфатының рН ортасы анықталды.