Аңдатпа
Бұл мақалада математикалық статистикадағы ассоциация және контингенция коэффициентінің қолданылуында сапалық белгілер арасындағы байланыстың тығыздық деңгейін бағалау қарастырылған. Ассоциация және контингенция коэффициенттері балама белгілермен берілген екі сапалық байланыс тығыздығын анықтау мақсатында, контингенция коэффициенті мен ассоциация коэффициенттерін салыстыру кестесі арқылы талданған. Қорытынды кезінде, ассоциация коэффициентінің контингенция коэффициентінің мәніне қарағанда үлкен болатындығы мысалдар арқылы дәлелденген.