ҚAЗAҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ӘДEБИEТТЕРIНДE ЛAҚAП ЕСІМДЕР ЖӘНE OНЫҢ БEPIЛУ CИПAТЫ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.59358/ayt.1258787
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Әр халықтың өзіне тән тілдік ерекшеліктері бар. Бұл ерекшеліктердің ішінде лақап есім қою үрдісінің орны бөлек. Тұлғаның азан шақырып қойған есімімен қатар лақап немесе бүркеншік атының болуы да әдебиет саласында да кеңінен танымал. Мағынасы мен мәні үйлескен, айтуға оңай, ықшамдалған есімдерді байқап, таңдап қою - халықтың санасынан берік орын алған, жалпыхалықтық дәстүр. Көптеген тарихи оқиғалар арқылы аңыз адамдардың іс-әрекеті бүгінгі күнге жетіп, белгілі есімдері арқылы ұрпақтар жадынан орын алған. Осы тұрғыда қазақ және түрік әдебиеттерінде де ақын-жазушылардың лақап аттарды көптеп қолданғаны жасырын емес. Дегенмен, сан түрлі себептермен адам аттары өзгеріске ұшырап, тіпті кейбір зиялылардың аттары ұмыт болып, тарихи маңыздылығы күңгірт тартқан. Кейбірі саясаттың әсерінен бүркеншік есім пайдалануға мәжбүр болса, екінші бірі лақап ат қолдануды сән деп білген. Қазақ әдебиетінде танымал ақын жазушыларға құрмет көрсетіліп, «Ұлт ұзтазы», «Отан ақыны», «Жыр падишасы» т.б. есімдермен аталып жүргені белгілі. Бұл үдеріс түрік әдебиетінде де кеңінен қолданылған. Мақалада қазақ және түрік әдебиеттерінің ономатикалық кеңістігіндегі бүркеншік және жанама есімдер мен лақап аттардың түрлерін анықтау және себептерін көрсету мәселесі қарастырыла отырып, өскелең ұрпаққа есімдердің ортақ жəне өзіндік ерекшеліктерін нақтылай келе, оларды ажыратудың критерийлері ұсынылды. Қазақ және түрік зиялыларының қосалқы есімдерінің ортаға шығу себептері жан-жақты талданды. Сонымен қатар өткен ғасырда көптеп белең алған бұл дәстүрдің қазіргі жалғасы жайлы сөз қозғалып, лақап есімдерге қатысты бірнеше терминдердің мағынасы берілді.