СҰЙЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТЫ ТОПЫРАҚҚА АСТАРЛАЙ ЕНГІЗУГЕ АРНАЛҒАН ПЫШАҚ ІЗІНДЕГІ ҚУЫС ШАМАСЫН АНЫҚТАУ

2023

Толық мәтін Ашық қол жеткізу: Gold Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2023.2(117).1363
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Мақалада сұйық тыңайтқышты топырақ астына енгізуге арналған топырақ өңдеу пышағының ізінде қалыптасатын қуыс кеңістіктің өлшемдерін анықтау мақсатында жүргізілген эксперимент нәтижелері баяндалған. Эксперимент нәтижесі бойынша ылғалдылығы 0,7–1,1%, орташа тығыздығы 1300–1400 кг м3, орташа қаттылығы 7–14 кг/cм2 болған топырақта эксперименттік пышақтың 0,28 м/с, 0,42 м/с, 0,67 м/с, 1,94 м/с жылдамдықпен қозғалысы кезінде пышақ ізіне құлаған топырақ ағыны табанының орташа мәндері сәйкесінше 10–16 мм, 18–22 мм, 30–42 мм, 45–56 мм болды. Теориялық мәнмен салыстырғанда ауытқу төмен дәрежеде (5–6%). Бейнежазбаны графикалық талдау және проекциялау жолымен анықталған сұйықтық пен топырақ бөлшектерінің соқтығысу сызығы тереңдігі (b) жылдамдықтарға қатысты сәйкесінше ≈12 мм, ≈15 мм, ≈20 мм, ≈28 мм болды. Бұл өз кезегінде қажетті ылғалданған жолақ енін алу үшін жеткілікті болатын бүрку бұрышы шегін (130°–164°) анықтауға мүмкіндік берді. Жұмыста анықталған параметрлер шегі сұйық бүріккішті жобалау және оның есептік гидродинамика (CFD) құралдары көмегімен талдау жасау кезінде қолданылуы мүмкін.