«ЖАТАҒАН СҮТТІГЕН (EUPHORBIA HUMIFUSA WILLD.) ШӨБІНІҢ МАКРО- ЖӘНЕ МИКРОСКОПИЯЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ МЕН ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ»

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2023.58.32.037
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Ғылыми мақалада Еuphorbiaceae тұқымдасына жататын Жатаған сүттіген (Euphorbia humifusa Willd.) өсімдігіне фармакогностикалық зерттеу яғни өсімдіктің макро- және микроскопиялық белгілері мен диагностикалық ерекшеліктеріне жүргізілген зерттеу әдістері мен зерттеу жұмысының нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің мақсаты: Жатаған сүттіген (Euphorbia humifusa Willd.) шөбінің вегетативті мүшелерінің макро- және микроскопиялық құрылымын және диагностикалық ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында 2022 жылдың тамыз-қыркүйек айларында өсімдіктің гүлдену кезеңінде жиналған Жатаған сүттіген (Euphorbia humifusa Willd.) шөбі қолданылды. Өсімдіктің тірі және 70%-тік спиртте Стрaсбургер-Флемминг әдісі (спирт, глицерин, су, 1:1:1) бойыншa фиксaциялaнған шикізаты зерттелді. Өсімдіктің жапырағы мен гүлінің макроскопиялық белгілері көзбен және лупаның көмегімен (х10 үлкейтілген) зерттелсе, микроскопиялық зерттеулер фотоқондырғылы МБИ-6 микроскопымен жүргізілді (ұлғaйтылуы 63; 280 есе) және диагностикалық белгілері суретке түсірілді. Aнaтомиялық зерттеу кезінде сызықтық өлшеуге aрнaлғaн окулярлы микрометр МОВ 1- (ұлғaйтуы -15,4 есе, объектив х 8) пaйдaлaнылды. Стaтистикaлық өңдеу aрнaйы компьютерлік бaғдaрлaмa «STATISTICA» aрқылы жaсaлынды. Қорытынды. Зерттеу нәтижесінде алғаш рет Қазақстан аумағында өсетін Жатаған сүттіген (Euphorbia humifusa Willd.) шөбінің вегетативті мүшелерінің анатомиялық құрылымының ерекшеліктері анықталып, олардың диагностикалық белгілері анықталады. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-20 «Дәрілік заттарды өндіруші әзірлеген және дәрілік заттарға сараптама кезінде дәрілік заттардың сапасы жөніндегі нормативтік құжатты мемлекеттік сараптама ұйымымен келісу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3-қосымшасына сай дәрілік өсімдік шикізатының идентификациясына (сәйкестендіру) қойылатын талаптар: А. Макроскопия; B. Микроскопиялық талдау бойынша зерттеулер жүргізілді.