COVID-19 БЕН АУЫРҒАН НАУҚАСТАРДЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН SF-36 CAУАЛНАМАСЫНЫҢ КӨМЕГІМЕН БАҒАЛАУ

2023

Жабық қол жеткізу Метадеректер (CSL-JSON)
DOI 10.53511/pharmkaz.2023.55.28.028
Деректер сенімділігі 70 орташа
Бұл баға қалай есептеледі

Ол жазбаның өзінің тексерілетін белгілерінен құралады: мақаланың DOI-і бар ма, оның деректерін қанша тәуелсіз дереккөз растады, міндетті өрістер толтырылған ба және соңғы растау қаншалықты жаңа. Дереккөздер арасындағы алшақтық пен идентификатордың болмауы бағаны төмендетеді. 80-нен бастап мән жазбаның қосымша тексерусіз жарияланғанын, 60-тан 79-ға дейін — оның сенімділігі төмен күйде жарияланғанын және қолмен тексеру ұсынылатынын білдіреді. Редактор қолмен тексерген жазбаны қайта есептеу 90-нан төмен түсірмейді. Бұл — мақаланың өзіне емес, ол туралы деректерімізге берілген баға.

Аңдатпа

Соңғы уақыттарда медицина саласында адамның өмір сүру сапасының деңгейін зерттеуге деген құлшыныс жыл өткен сайын арта түсуде. Себебі, кез-келген денсаулық сақтау бастамасының түпкі мақсаты науқастардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтаумен қатар сапалы өмірге қол жеткізу болып саналады. Зерттеу жұмысымыздың мақсаты: Covid-19 ауруының асқынуларының, (post-acute covid syndrome - PCS) физикалық және ментальды денсаулығына, өмір сүру сапасына тигізетін әсерін ғалам бойынша жүргізілген зерттеулерге әдеби шолу жасау арқылы көрсету. Зерттеу әдістемесі: Scopus, ResearchGates, Pubmed, NCBI базаларында соңғы 3 жылда Covid-19ға, оның симптомдарына, асқынуларына, өмір сүру сапасына әсерін қарастырған әдебиеттерге шолу жасау. Зерттеу қорытындысы: Денсаулыққа байланысты өмір сүру сапасының төмендеуі басым симптомдардың тұрақтығы, атап айтқанда, шаршау, ентігу, аносмия, артралгия, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, және себепсіз көңіл-күйдің өзгеруімен байланысты екендігі дәлелденді. Постковидтық синдромды шақыратын және ақыр соңында өмір сапасының төмендеуіне әкелетін қауіп факторларын түсіну үшін көбірек зерттеу қажет екенін көрсетеді.