Аңдатпа
Құрамында зығыр дәні майы бар эмульсиялық негізде теріні жұмсартатын, жара жазатын әсері бар 10 дерматологиялық жағар май модельдері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының жұмсақ дәрілік түрлерге қойылатын нормативтік талаптарына негізделе отырып дайындалды. Олардың ішінен оңай жағылуы, біртекті консистенциясы, теріде майлы із қалдырмауы бойынша 4 композиция биофармацевттік зерттеулер жүргізуге таңдалды. Таңдалған жағар май модельдеріне желатинді гельге тікелей диффузия әдісімен биофармацевттік зерттеулер жүргізілді. Белсенді заттардың ең жылдам және толық шығарылуын қамтамасыз ететін оптимальды жағар май негізі – №9 жағар май моделі болатыны анықталды.